20:07, 30 Наурыз 2009
Концессиялық жобалар басты назарда ? Көлік және коммуникация министрлігі
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Ералиев – Құрық темір жол желісін салу барысына әзірлік мәселесіне арналған кеңес өткізді.
Дайындық жұмыстары жөнінде концессионерлік компания «Астана-АРЭК» ЖШС, оның құрылтайшылары және бас мердігер «Көпірқұрылысотряд-1» ЖШС басшылары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жобаны жүзеге асырудың мақсаты ? Қазақстанның Каспий аумағындағы аймақтың жағалық инфрақұрылым үшін жағдай жасау және Құрық айлағын көліктік қызметпен қамтамасыз ету. Бірінші жылға жоспарланып отырған тасымал көлемі ? 4 млн.тонн. Ұзындығы 14,4 шақырым желі құрылысының бағасы ? 8,1 млрд. теңге.Қазіргі кезде «Астана-АРЭК» ЖШС дайындық кезеңі аяқтады. Құрылысты үстіміздегі жылдың сәуірінде бастайын деп отырған бас мердігер «Көпірқұрылысотряд-1» ЖШС келісімшартқа қол қойды.Жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын ескерте келіп, Әбілғазы Құсайынов қаражат пен жұмысшы күшін мұқият реттеудің, сонымен бірге құрылысты аяқтау кестесін қатаң сақтап отыру қажеттігін атап өтті. Сайып келгенде концессионер желіні 2010 жылғы екінші тоқсанда іске қосуы қажет. Сонымен қатар жұмыспен қамту стратегиясы да назардан тыс қалған жоқ. Желіні салу құрылысы барысында 300-ге жуық адам еңбекпен қамтылатын болады.