Кончита Вурст деген атпен танымал австриялық Томас Нойвирт Венада өтетін «Евровидение-2015» байқауын жүргізеді. Байқау 2015 жылдың 23 мамырында өтеді. Одан басқа, ауқымды шараны Мириам Вейхсельбраун, Алис Тамлер мен Арабелла Кьесбауэр жүргізбек. Осылайша, биылғы жылы Кончитаның әлемдік байқауда сахнаға шығуын көптеген елдер теріс қабылданса да, ол келесі жылы өтетін байқауға тағы да өз үлесін қоспақ.
08:30, 22 Желтоқсан 2014
Кончита Вурст «Евровидение-2015» байқауының жүргізушісі болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Евровидение-2014» байқауының жеңімпазы Кончита Вурсттың танымалдылығы арта түспесе, кемитін емес. Ол келесі байқауда жүргізуші атанбақ, деп хабарлады шетелдік БАҚ.