Кондиционерді осыдан 110 жыл бұрын ойлап тапқан

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін АҚШ кондиционердің 110 жылдығын тойлауда. Бүл күні, яғни 1902 жылы ньюйорктің Бруклин ауданында орналасқан Sackett-Wilhelms Lithographing and Publishing Companу баспаханасында алғашқы рет қажетті температураны белгілеу жүйесі істеді.

ХХ ғасырдың техникалық жабдығын 25 жасқа келген Уиллис Хэвилэнд Керриер /Willis Haviland Carrier/ ойлап тапқан. Ол оны «ауаны реттейтін аппарат» деп атады.

Керриердің ойлап тапқан бұл тиімді құрылғысы е алғашқы рет Миннеаполис қаласындағы үйде орнатылған болатын (Миннесота штаты). Осылайша, өнертапқыш Уиллис Хэвилэнд Керриер 1915 жылы өзінің компаниясын ашып, оны өз аты-жөнімен атады. "Керриер" (Carrier) өнімі әлі күнге дейін сұранысқа ие тауар. Аталмыш компанияның жыл сайынғы айналымы 12 млрд. доллардан асып жығылады, деп хабарлайды Лента.ру.