Тоқтала кететін жайт, заң жобасына сәйкес, кондоминимум нысанын басқару органының ашықтығын қамтамасыз ету нормалары қарастырылып отыр. «Бұл ретте кондоминимум нысанын басқару органының міндеттемелеріне тоқсан сайын пәтер иелерінің алдында есеп беру нормасы да қамтылып отыр. Басқарушылар ортақ мүлікті басқаруға қатысты шығыстар туралы есепті жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде ұсынатын болады», - деді Қ. Өскенбаев.
Оның айтуынша, осы норманы жүзеге асыру мақсатында келешекте кондоминимум нысанын басқарушылар арнайы сайттар да ашатын болады, онда пәтер иелері тікелей басқару жұмысына электронды дауыс беру арқылы қатысатын болады.
«Бұдан бөлек, заң жобасы бойынша тұтынушылар алдында коммуналдық қызметті сапалы көрсету мақсатында ұлттық стандарттар мен техникалық регламенттерді сақтауға міндеттеу талаптары белгіленетін болады», - дейді вице-министр.