«Бізде мүлтіксіз бақылау жоқ - қазіргі уақытта бізде контролер жетіспей жатыр. Мәселе мынада, бізге жергілікті полиция қызметкерлері көбірек керек. Демек, көліктік бақылау департаментінің қызметкері өздігімен жолаушыларға айыппұл сала алмайды. Оларда айыппұл саларлықтай құзірет жоқ. Ол амалсыз 102 нөміріне хабарласуға мәжбүр болады. Бұл - ыңғайсыз шара десе де болады», - деп жауап берді ұйымның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева редакцияның ресми сауал хатына.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жолдарда 94 контролер мен 20 ЖПҚ қызметкері жұмыс істеуде. Кондуктор-кеңесшінің біліктілігі бойынша көліктік бақылау қызметінің қызметкерлеріне айналуы мүмкін бе деген сұраққа Науат Азанбаева төмендегідей жауап берді.
«Кейбір кеңесшілер «Астана LRT» ЖШС-ға тіркеліп, бізде көліктік бақылау менеджері қызметіне ауысып кетті. Кейбірі өз парктерінде желілік-бақылау қызметінде еңбек етуде. Бірақ, контролер болу үшін олар арнайы оқудан өтіп, біліктілігін арттырады. Олар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау бойынша барлық заңдар мен ережелерді біледі. Барлық кондукторларды оқыту мүмкін емес», - дейді «Астана LRT» өкілі.