Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы, Орал, Атырау, Ақтау қалалаларынан 30-дан астам фотограф пен қылқалам шебері қатысты.
Ережеге сәйкес, байқаудың марапаттау салтанаты екі бағытта өткізілді. Біріншісі – көне және жаңа Түркістанның көрінісінен сыр шертетін фотосуреттер болса, екіншісі – рухани астананың келбеті бейнеленген қылқалам шеберлерінің картиналары.
Нәтижесінде, «Фотосурет» номинациясы бойынша 1-орынға Серікболсын Шері, 2-орынға Асыл Жұмаханов ие болды. Ал, Антон Лищенко мен Ұлпан Әбдірахман 3-орынды иеленді. «Қылқалам шеберлері» номинациясы бойынша Темірбек Нұрмашев жеңімпаз атанса, Мұрат Шаханбаев 2-орынды жеңіп алды. Ал, Серік Қинабаев пен Ержан Рысымбетов 3-орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Алғыс хат және қаржылай сыйлықпен марапатталды.