Жеребе бойынша «С» тобында Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Астана қаласының спортшылары өзара сынға түсіп, нәтижесінде таеквондо спорты бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары қарсылас шақ келтірмей, жартылай финалдық бәсекелерге жолдама алды.
Дзюдо мен еркін күрестен ақтөбелік балуандардың мерейі үстем болды.
Ал грек-рим күресі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының балуандары басымдық танытты.
Естеріңізге сала кетейік, «Конфедерация Кубогы» осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ауқымды доданың жартылай финалдық және финалдық сайыстары 2-3 желтоқсан күні Алматы қаласында өтеді.