«С» тобының іріктеу кезеңінде Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының спортшылары грек-рим, еркін күрестен, таеквондодан және дзюдодан мықтыларды анықтады. Сонымен грек-рим күресінен жартылай финалға Солтүстік Қазақстан облысының балуандарын жеңген қарағандылықтар шықты. Еркін күресте шығысқазақстандық команда балуандарына ешкім қарсылық таныта алмады. Бұл өңірдің балуандары шешуші белсесуде маңғыстаулықтардан басым түсті.
Ал «Конфедерация кубогы-2017» турнирінің жартылай финалына жолдама алған командалар мыналар:
Таеквондодан: Алматы қаласы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары;
Дзюдодан: Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстары;
Грек-рим күресінен: Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары;
Еркін күрестен: Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.
Конфедерация кубогы өткен жылы бекітілген болатын. Жалпы жүлде қоры 125 млн теңгені құрайды. Кубогтың ақтық кезеңі 2,3 желтоқсан күндері Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтеді деп жоспарланған.