Қазақ күресі федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, 1 желтоқсан күні ҚазҰУ-дың спорт кешенінде өтетін конфедерация кубогының іріктеу сынына 10 команда қатысады.
Алғашқы айналымнан өткендер 2-3 желтоқсанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында жартылай финал және финалда бақ сынайды.
"Конфедерация Кубогы 2017"-ге қатысушы командалар тізімі:
1. Алматы "Қазақ күресі" клубы (Алматы қаласы)
2. "Елорда Батыры" спорт клубы (Астана)
3. "Алакөл" спорт клубы (Алматы облысы)
4. "Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы" (Жамбыл облысы)
5. "Тарбағатай" қазақ күресі спорт клубы (ШҚО)
6. Семей медицина университеті спорт клубы (ШҚО)
7. М.Қайырбаев атындағы спорт клубы (Павлодар облысы)
8. "ЗАК КАР" қазақ күресі клубы (Қарағанды облысы)
9. Қарағанды облысы қазақ күресі клубы (Қарағанды облысы)
10. Балуан Шолақ атындағы қазақ күресі клубы (ОҚО)
Естеріңізге сала кетейік,2-3 желтоқсан күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері бойынша конфедерациясы кубогының финалдық кезеңі өтеді.
Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған додада бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және қазақ күресінен бірлескен командалық жарыстар өтеді. Жүлде қоры - 125 млн теңге.
Қатысушы командалар жеребе бойынша төрт топқа бөлінген еді:
«А» тобы: Алматы облысы, БҚО, Павлодар облысы, Атырау облысы;
«B» тобы: Маңғыстау облысы, СҚО, Қарағанды облысы, ШҚО;
«С» тобы: ОҚО, Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Қостанай облысы,
«D» тобы: Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы
Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жарыстың жартылай финалында келесі командалардың спортшылары бақтарын сынайды:
Таеквондо: Алматы қаласы, Алматы облысы, ОҚО, Маңғыстау облысы;
Дзюдо: Алматы қаласы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы;
Грек-рим күресі: Қызылорда облысы, Алматы облысы, ОҚО, Қарағанды облысы;
Еркін күрес: Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, ШҚО.