Конференция лигасы: «Ордабасы» мен «Ақтөбе» қай командалармен кездесуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасындағы шымкенттік «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтарының ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 мамырда Конференция лигасы бірінші және екінші іріктеу сатысының жеребесі тартылады. Өткен жылы Қазақстан кубогының иегері – «Ордабасы» мен ел біріншілігінің күміс жүлдегері жарысты екінші іріктеу сатысынан бастайды.

Сондай-ақ, бұл командалар бірінші іріктеу сатысынан өткен жағдайда қостанайлық «Тобылдың» да қарсыласы атануы мүмкін.

Қазақстандық клубтың ықтимал қарсыластары қатарында «Брюгге» (Бельгия), «Базель» (Швейцария), «Гент» (Бельгия), «Фенербахче» (Түркия), ЧФР (Румыния), «Митьюланнд» (Дания), ПАОК (Грекия), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), «Виктория Пльзень» (Чехия), «Будё-Глимт» (Норвегия), «Лех Познань» (Польша), «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль), «Юргорден» (Швеция), АПОЭЛ (Кипр), «Бешикташ» (Түркия), ЦСКА (София, Болгария), «Твенте» (Нидерланд), «Риека» (Хорватия), «Витория» (Гимарайнш, Португалия), ФКСБ (Румыния), «Легия» (Польша), «Русенборг» (Норвегия),«Спартак» (Трнава, Словакия), АЕК (Ларнака, Кипр), «Омония» (Никосия, Кипр) командалары бар.

Сондай-ақ, аталған тізімге бірінші іріктеу сатысынан өткен жағдайда «Ф91 Дюделанж» (Люксембург), «Рига» (Латвия), «Марибор» (Словения), «КуПС» (Финляндия); «Шкендия» (Солтүстік Македония), «Нефтчи» (Әзербайжан), «Линфилд» (Солтүстік Ирландия), «Вадуц» (Лихтенштейн), ДАК 1904 (Словакия), «Дандолк» (Ирландия), «Осиек» (Хорватия), «Пюник» (Армения), «Алашкерт» (Армения), «Сутьеска» (Черногория), «Хиберниан» (Шотландия), «Шкупи» (Северная Македония), «Арис» (Грекия), «Сараево» (Босния және Герцеговина), «Аустрия» (Австрия), РВШ (Латвия) командалары енгізілуі мүмкін.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» командасының UEFA Чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды.