Конференция лигасы: «Ордабасы» мен «Легия» тең түсті

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық «Ордабасы» UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Польшаның «Легия» командасын қабылдады.

Ойынның 13-минутында Всеволод Садовский есеп ашса, 48-минутында Мамаду Мбодж 48-минутта есепті үстемелей түсті.

Оған польшалық клуб екі голмен жауап қайырды.

Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Енді елорда уақытымен 22:50-де «Торпедо Кутаиси» (Грузия) мен «Ақтөбе» кездесулері «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, 23:20-де жанкүйерлер «Qazaqstan» телеарнасынан «Базель» (Швейцария) мен «Тобыл» кездесуін тамашалай алады.

Еске салсақ, бұған дейін Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында «Астана» хорватиялық «Динамодан» ойсырай жеңілген еді.