Конференция лигасы: «Тобыл» «Хонкадан» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Финляндияның «Хонка» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алаң иелері жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Десе де «Хонка» сапынан Лукас Кауфманн 39-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде «Тобыл» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде Мильян Вукадинович 62, 75-минуттарда қос голдың авторы атанды.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 20 шілдеге белгіленген.

Жеңімпаз ұжым екінші іріктеу сатысында Швейцарияның «Базель» командасымен шеберлік байқасады. Ойын 27 шілде және 3 тамыз күндері болады.

Ал шымкенттік «Ордабасы» мен «Ақтөбе» Конференция лигасын екінші іріктеу сатысынан бастайды. Ойындар

Еске салсақ, «Астана» Чемпиондар лигасында грузиялық «Динамомен» тең түсті.