Конференция лигасы: «Тобыл» командасының ықтимал қарсыластары анықталды
21 мамырда Конференция лигасы бірінші және екінші іріктеу сатысының жеребесі тартылады. Ел біріншілігінде өткен жылы қола жүлдегер атанған «Тобыл» жарысты бірінші іріктеу сатысынан бастайды.
Қостанайлық клубтың ықтимал қарсыластары қатарында «Тирана» (Албания), «Жилина» (Словакия), «Торпедо Кутаиси» (Грузия), «Викингур» (Исландия), «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия), «Влазния» (Албания), «Викингур» (Фарер аралдары), «Дерри Сити» (Ирландия), «Македония Джёрче Петров» (Солтүстік Македония), «Паневежис» (Литва), «Хонка» (Финляндия), «Железничар» (Босния және Герцеговина), «Бальцан» (Мальта) бар.
Сондай-ақ, аталған тізімге «Зимбру» (Молдова), «Гиляни» (Косово), «Дукаджини» (Косово), «Хака» (Финляндия), «Дила» (Грузия), «Биркиркара» (Мальта), «Гленторан» (Солтүстік Ирландия), «Нарва-Транс» (Эстония), «Хегельманн» (Литва), «Ислочь» (Беларусь), «Акюрейри» (Исландия), «Эгнатия» (Албания), «Пенибонт» (Уэльс), «Хаверфордуэст Каунти» (Уэльс), «Бруно’c Мэгпайс» (Гибралтар), «Арсенал Тиват» (Черногория), «Виртус» (Сан-Марино), «Космос» (Сан-Марино) енгізілген.
Конференция лигасының бірінші іріктеу сатысындағы алғашқы ойындар 13, қарымта кездесу 20 шілдеге белгіленген.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» командасының UEFA Чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды.