Конференция лигасы: «Тобыл» өз алаңында «Дерри Сити» командасын сүріндірді
Команлалар кездесу басынан тартысты ойын өткізді. Жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген еді. Қостанайлық клуб футболшыларының белсенділігі байқалып тұрды. Десе де, бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде де командалар белсенділігі арта түсті. «Тобыл» тарапынан есеп ашатын көптеген мүмкіндік болды. Ойынның 68-минутында қостанайлық клубтан Роман Асранкулов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Енді қарымта кездесу 17 тамызда болады.
Ал «Тобыл» Конференция лигасының алғашқы екі іріктеу сатысында Финляндияның «Хонка» (0:0, 2:1), Швейцарияның «Базель» (3:1, 1:2) клубтарын қапы қалдырды.
Аталған жұптағы жеңімпаз ұжым плей-офф сатысында «Виктория» Пльзень (Чехия) мен «Гзира Юнайтед» (Мальта) жұбының жеңімпазымен жасыл алаңға шығады.
Енді 23.00-де онференция лигасы үшінші іріктеу сатысында «Ақтөбе» сырт алаңда Румынияның «Сепси» клубымен кездеседі.