Конференция лигасында «Тобыл» финляндиялық «Хонкамен» күш сынасады
Қазақстандық команда алғашқы іріктеу сатысында финляндиялық «Хонка» клубымен күш сынасады. Алғашқы ойынын 13 шілдеде өз алаңында өткізсе, қарымта кездесу 20 шілдеде сырт алаңда болады.
«Хонка» Финляндия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері болған. Екі мәрте Финляндия лигасы кубогын, бір мәрте Финляндия кубогын төбесіне көтерді.
Ал Қостанайлық клуб былтыр Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» (2:0, 1:0) командасын қапы қалдырса, одан кейін Боснияның «Зриньски» клубына (1:1, 0:1) жол берді.
Сондай-ақ Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Шымкенттің «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтары жарыс жолын бастайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық «Астана» командасының UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысындағы қарсыласы белгілі болды.