АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанайлық «Тобыл» командасының UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық команда алғашқы іріктеу сатысында финляндиялық «Хонка» клубымен күш сынасады. Алғашқы ойынын 13 шілдеде өз алаңында өткізсе, қарымта кездесу 20 шілдеде сырт алаңда болады.
«Хонка» Финляндия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері болған. Екі мәрте Финляндия лигасы кубогын, бір мәрте Финляндия кубогын төбесіне көтерді.
Ал Қостанайлық клуб былтыр Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» (2:0, 1:0) командасын қапы қалдырса, одан кейін Боснияның «Зриньски» клубына (1:1, 0:1) жол берді.
Сондай-ақ Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Шымкенттің «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтары жарыс жолын бастайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық «Астана» командасының UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысындағы қарсыласы белгілі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.