Конференция лигасы: «Ақтөбе» «Сараеводан» есе қайтара ала ма

Фото: sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 18 шілдеде УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Ақтөбе» сырт алаңда босниялық «Сараево» командасымен кездеседі.

Ойын сағат 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Сараево» командасы 1946 жылы құрылған. Боснии және Герцеговина біріншілігінде 1998/99, 2006/07, 2014/15, 2018/19, 2019/20 жылдардағы маусымда чемпион атанды.

Өткен маусымда «Сараево» өз елінің біріншілігінде төртінші орын алды.

Команда құрамында негізінен жергілікті футболшылар ойын көрсетеді. Оған қоса колумбиялы, ганалық, бразилиялық, грузиялық және өзге елдерден келген ойыншылар бар.

«Ақтөбе» өз алаңында аталған қарсыласына 0:1 есебімен жол беріп қойды.

Айта кетсек, елордалық «Астана» жарысты Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінен бастайды.

Сондай-ақ бүгін Қостанайдың «Тобылы» футболдан Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Ружемберок» командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» Молдованың «Петрокуб» клубына (0:0, 0:1) жол берді