АСТАНА. KAZINFORM - «Астана» футболдан Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі Молдованың «Зимбру» командасына қарсы алғашқы ойынын «Астана Аренада» өткізеді.
«Астана» мен Молдованың «Зимбру» клубы УЕФА-ның қолдауымен өзара келісімге келіп, Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі ойындарын алмастыру туралы шешім қабылдады.
Осылайша, алғашқы матч 24 шілде күні «Астана Арена» стадионында, ал қарымта кездесу 31 шілдеде Кишинев қаласында өтеді.
Елордалық клуб бұдан бұрынғы жылдарда Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы топтық және Конференция лигасы негізгі кезеңінде бақ сынаған.
Сондай-ақ биыл Чемпиондар лигасы алматылық «Қайрат», Еуропа лигасында «Ақтөбе», Конференция лигасында шымкенттік «Ордабасы» ел намысын қорғайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.