Конференция лигасы: «Фиорентина» сырт алаңда жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Конференция лигасы ширек финалының алғашқы тур ойындары өткізілді.
Биыл аталған турнирде сынға түсіп жатқан италиялық «Фиорентина» бас жүлдеге қол созуды қалайды. Жалпы кезеңде үздік үштікке тұрақтаған команда одан кейін Грекияның «Панатинаикос» (2:3, 3:1) есебімен сүріндірді. Нәтижесінде олар бірден ширек финалға жолдама алған еді.
Бүгінгі кездесу барысында италиялық футболшылар сырт алаңда Словенияның «Целе» клубының 2:1 есебімен осал тұсын тапты. Ойынның 27-минутында олардың қатарынан Лука Раньери есеп ашса, Роландо Мандрагора 62-минутта пенальтиден басымдықты арттырды.
Ал 68-минутта словениялық клубтан Логан Делорье-Шобе пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Сондай-ақ жарыстың аталған сатысында англиялық «Челси» сырт алаңда Польшаның «Легия» командасын 3:0 есебімен жеңді.
Қарымта ойын 17 сәуірге белгіленген. Ал жартылай финал 1 және 8 мамыр күндері өткізіледі. Финал 28 мамырда Польшаның Вроцлав қаласындағы стадионда болады.
Жарыстың аталған сатысында швециялық «Юргорден» Аустрияның «Рапид Вена» клубына 0:1 есебімен жол берсе, испаниялық «Бетис» польшалық «Ягеллонияны» 2:0 есебімен тізе бүктірді.