Кездесу барысында қазақстандық команда алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 53-минутында олардың қатарынан Марк Гуаль өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Өз қақпасына гол жіберіп алған италиялық команда алға қарайй шабуылға ұмтылды. Толассыз шабуылға көңіл бөлген олар таразы басын теңестіруге көңіл бөлді. Оған алматылық команда ойыншылары лайықты тойтарыс бере білді. Десе де 82-минутта Никола Крстович қақпаны дәл көздеді.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
«Қайрат» командасының құрамы
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков (№ 1, Қазақстан), Данила Буч (№ 30, Қазақстан), Шерхан Қалмұрза (№ 82, Қазақстан), Бақтияр Алдашев (№ 98, Қазақстан);
Қорғаушылар: Луиш Мата (№ 3, Португалия), Дамир Қасаболат (№ 4, Қазақстан), Лев Кургин (№ 5, Қазақстан), Александр Мартынович (№ 14, Беларусь), Александр Мрынский №(24, Қазақстан), Александр Широбоков (№ 25, Қазақстан), Адлан Нұрғалиев (№ 32, Қазақстан), Лукас Африко (№ 44, Бразилия), Данияр Ташполатов (№ 59, Қазақстан)
Жартылай қорғаушылар: Әділет Садықбеков (№ 6, Қазақстан), Олжас Байбек (№ 8, Қазақстан), Яакко Оксанен (№ 13, Финляндия), Азамат Тұяқбаев (№ 17, Қазақстан), Ойва Юккола (№ 19, Финляндия), Еркін Тапалов (№ 20, Қазақстан), Густаву Мендонса (№ 22, Португалия), Мұхамедали Әбіш (№ 27, Қазақстан)
Шабуылшылар: Эдмилсон (№ 9, Бразилия), Мансұр Бірқұрманов (№ 15, Қазақстан), Марк Гуаль (№ 28, Испания), Исмаил Бекболат (№ 81, Қазақстан).
Енді қазақстандық клуб алдағы ойынын өз алаңында 26 қазанда Швецияның «Мьёльбю» клубына қарсы өткізеді.
Алғашқы екі турда «Қайрат» Латвияның «Рига» клубымен (1:1) тең ойнаса, Грекияның «Панатинаикосына» (1:5) есе жіберді.
Төрт турдан кейін алматылық клуб негізгі кезеңде 2 ұпаймен 24-орында келеді.