Конференция лигасы: «Легия» командасы «Челсиден» қарымта қайтара ала ма

Фото: Фото: sportarena.com

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін UEFA Конференция лигасы ширек финалының қарымта кездесулері өтеді. 

Жарыстың аталған сатысындағы матчтың екеуі Қазақстан уақытымен 21:35-те басталады.

Олардың арасынан «Фиорентина» (Италия) мен «Целе» (Словения) кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл жұптың бірінші ойынында италиялық футболшылар 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Дәл осы уақытта «Ягеллония» (Польша) мен «Реал Бетис» (Испания) жасыл алаңға шығады. Алғашқы матчта испаниялық клуб 2:0 есебімен басым түсті. 

Қазақстан уақытымен 00:00-де «Челси» (Англия) мен «Легия» (Польша) ойнайды. Алғашқы кездесу 3:0 есебімен англиялық клубтың жеңісімен аяқталды. 

Тағы бір матчта дәл сол уақытта «Рапид Вена» (Аустрия) мен «Юргорден» (Швеция) кездеседі. Бірінші ойында аустриялық клуб қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді. 

Ал жартылай финал 1 және 8 мамыр күндері өткізіледі.

Финал 28 мамырда Польшаның Вроцлав қаласындағы «Вроцлав» стадионында болады. 

Еске салсақ, бүгін Еуропа лигасында ширек финал ойындары өтеді.