Конференция лигасы: «Ордабасы» плей-офф сатысына шыға ала ма

Фото: Фото: ФК «Ордабасы»

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Ордабасы» Арменияның «Люник» командасымен қарымта ойын өткізеді. 

Кездесуі 15 тамызда жергілікті уақытпен 20:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған ойында бас төреші міндетін португалиялық Мигел Ногейра атқарады. Оған Бруну Алвеш пен Жезуш Паулу Браш көмекшілік етеді. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Бруну Виейра.

Екі команда арасындағы алғашқы ойында шымкенттік клуб қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.
Айта кетсек, шымкенттік «Ордабасы» командасы пенальтилер сериясы арқылы «Дифферданж-03» клубынан басым түсіп, UEFA Конференция лигасының үшінші сатысына жолдама алды.

«Пюник» командасы 1992 жылы құрылған. Қазірге дейін биыл ғана өз елінде 16 мәрте чемпиондық атақты жеңіп алды.

Армениялық клуб 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасында топтық кезеңде сынға түсті. Топтық кезеңде Швейцарияның «Базель» (1:2, 1:3), Чехияның «Слован» (2:0, 1:2), Литваның «Жальгирис» (2:0, 1:2) командаларымен сынға түсіп, үшінші орынға тұрақтады.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық «Астана» Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Румынияның «Корвинул» командасын (2:1, 6:1) жеңіп, плей-офф сатысына жолдама алды.