Екі команда арасындағы алғашқы ойында шымкенттік клуб қарсыласына 0:1 есебімен жол берген еді.
Сондықтан жанкүйерлер шымкенттік клуб алғашқы минуттан тізгінді қолға алып, екі ойынның нәтижесімен таразы басын теңестіреді деген үміті болды. Десе де «Ордабасы» армениялық клубтың осал тұсын таба алған жоқ.
Кездесу барысында Юсуф Отубанджо 66-минутта соққан голы «Пюник» командасын плей-офф сатысына алып шықты. Ол алғашқы ойында да «Ордабасы» қақпасынан саңылау тапқан еді.
Шымкенттік клуб қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Армениялық клуб осал команда емес. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасында топтық кезеңде сынға түсті. Топтық кезеңде Швейцарияның «Базель» (1:2, 1:3), Чехияның «Слован» (2:0, 1:2), Литваның «Жальгирис» (2:0, 1:2) командаларымен сынға түсіп, үшінші орынға тұрақтады.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық «Астана» Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Румынияның «Корвинул» командасын (2:1, 6:1) жеңіп, плей-офф сатысына жолдама алды.