АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» Румынияның «Корвинул» командасымен кездесті.
Елордалық клуб биыл еурокубок ойынында топтық кезеңде сынға түсуді алдына мақсат етіп қойып отыр. Сондықтан әрбір кездесуде жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысып келеді.
Қазақстандық команданың бүгінгі қарсыласы «Корвинул» Румыния чемпионатында бірінші лигада ойнайды.
Соған қарамастан кез келген қарсыласына оңайлықпен жеңіс сыйлай қоймайды.
Алғашқы голды алаң иелері соғып кетті. Олардың қатарынан Антонио Манолаке 37-минутта мергендік танытты.
Ал «Астана» сапынан Усман Камара 62-минутта таразы басын теңестірсе, Джеффри Чинеду 80-минутта өз командасын алға шығарды.
Енді қарымта кездесу 15 тамыз күні өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Ордабасы» алғашқы кездесуінде «Пюниктен» жеңілген еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.