АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Астана» командасының Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды.
Жеребе нәтижесімен қазақстандық клубқа Англияның «Челси», Кипрдің АПОЭЛ және «Пафос», Португалияның «Витория» (Гимарайнш), Уэльстің «Нью-Сейнтс» және Сербияның ТСЦ командалары қарсылас атанды.
Елордалық ұжым өз алаңында «Челси», «Виторией» және ТСЦ клубтарын қабылдаса, сырт алаңда АПОЭЛ, «Нью-Сейнтс» және «Пафоспен» кездеседі.
29 тамызда «Астана» Норвегияның «Бранн» командасын 3:0 есебімен жеңді. Алғашқы ойындар олар қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді. Екі ойынның нәтижесімен қазақстандық команда топтық кезеңге жолдама алды.
«Астана» турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастады, алғашқы айналымда Молдованың «Милсами» клубын (1:0, 1:1) қапы қалдырса, одан кейін Румынияның «Корвинул» командасынан (2:1, 6:1) басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.