Конго Демократиялық Республикасында Эбола жұқтырғандар саны 1 700-ден асты

АСТАНА.KAZINFORM — Конго Демократиялық Республикасында Эбола жұқтырғандар саны 1 700-ден асты, 580 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

Фото: Анадолы

Бұл туралы елдің Байланыс және БАҚ министрлігі хабарлады.

Кейінгі мәліметтер бойынша, аурудан 580 адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші — 33,9%. Қазіргі уақытта ауруханалар мен мамандандырылған оқшаулау орталықтарында 680 науқас бақылауға алынған. Тағы 280 адам инфекциядан толық айығып шықты.

Мамандар жұқтырғандар байланыстарын анықтауды жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта өлім-жітім көрсеткіші 75,2% болды.

Бұған дейін Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен қаза тапқандар саны 500-ден асқаны хабарланған болатын.