Конгода 37 адам этникалық жанжалдың құрбаны болды
01:18, 08 Маусым 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасының Оңтүстік Киву провинциясында этникалық жанжал салдарынан 37 адам қаза тапты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Мәліметтерге қарағанда, мерт болған адамдардың денесінде оқ және пышақ жарақаттары болған, олардың кейбіреуі белгісіз адамдар от қойып, өртеген өз үйлерінен шыға алмай қалған.
Қаза тапқандардың арасында 18 әйел мен 8 бала болғаны хабарланған.