Жергілікті БАҚ-тың жазуына қарағанда, сарбаздар 20 қазанда Валикаледе ұсталған. 71 сарбаз сотталды. 4-еуі ақталып, 1-еуі 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сарбаздарға аймақтағы ондаған жылдарға созылған қарулы қақтығыс кезінде жауынгерлік позицияларын тастап, қашып кетті деп айып тағылған.
Армия бұл сот процесі сарбаздар арасындағы тәртіпті нығайтуға бағытталғанын мәлімдеді.
Жергілікті армия тәртіптің нашарлығы мен ұйымдастырушылық мәселелер үшін үнемі сынға ұшырап келеді. Дегенмен, сарбаздардың өздері жалақының төмендігі мен логистикалық қолдаудың жеткіліксіздігіне шағымданады. Өткен айда көтерілісшілермен қақтығыс кезінде майдан шебінен шегінгені үшін 27 әскери қызметкер осындай айыптар бойынша өлім жазасына кесілген.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың наурыз айында Конго Демократиялық Республикасының билігі өлім жазасына енгізілген 20 жылдық мораторийдің күшін жойды. Үкімет бұл шешімге қарулы күштердегі опасыздықпен күресу қажеттілігін себеп етіп көрсетеді. Сондай-ақ, қарулы топтардың мүшелеріне, көтерілістерге, опасыздыққа және соғыс қылмыстарына қатысқан адамдарға өлім жазасы қарастырылған.
Өлім жазасын қалпына келтіру туралы шешімді адам құқықтары ұйымдары сынап отыр.
Францияның RFI телеарнасының мәліметі бойынша, 2025 жылдың басынан бері Конго Демократиялық Республикасында кемінде 507 әскери қызметкер сотталған, олардың 381-і өлім жазасына кесілген.
Еске сала кетейік, АҚШ-та соңғы 60 жылда алғаш рет әскери қызметшіні өлім жазасына кесу үкімі мақұлданды.