Конгода алғаш рет Эбола дертіне шалдығу оқиғасы тіркелді
08:33, 25 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасының билігі елде Эбола безгегіне шалдығу оқиғасының тіркелгенін растады.
КДР Денсаулық сақтау министрі Феликс Нумби Би-би-си-ге жүргізілген тест нәтижесінде Экватор провинциясында Эбола дертін жұқтырған екі адам барын анықтағанын айтты.
Эбола вирусы КДР-де алғаш рет 1976 жылы анықталған.
Қазіргі уақытта аталған дерттің Батыс Африкада - Сьерра-Леонеде, Либерияда, Гвинея мен Нигерияда таралуынан 1400 адам қаза тапты.