Конгода Ан-12 ұшағы зиратқа құлады

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Конгоның оңтүстігіндегі Пуэнт-Нуар қаласынан елдің астанасы Браззавильге ұшып шыққан Ан-12 жүк ұшағы қала шетінде қонуға кіру кезінде сәрсенбі күні таңертең апатқа ұшырады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsru.com. сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша, ұшақ бортында экипаждың үш мүшесі болған. Әзірге олардың аман-саулығы туралы хабар жоқ. Ұшақ конголез астанасынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Нганга Линголо зиратына құлаған.