Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған.
Жексенбі күні 26 жаңа расталған жағдай және 11 өлім тіркеліп, соның салдарынан өлім-жітім деңгейі 23,8 пайызға жеткені айтылды. Аурудың өршуі жөніндегі жедел есепке сәйкес, қазіргі уақытта 363 науқас оқшауланған. Ал 48 адам ауру басталғаннан бері жазылып шықты.
Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында індетке қарсы шаралар жалғасып жатыр. 15 мамыр күні Эбола-Бундибугио вирусынан туындаған індеттің ресми түрде таралғаны жарияланды.
Айта кетейік, Африкадағы Эбола індеті жаңа жаһандық пандемия алдындағы ескерту болуы мүмкін.