Конгоның ұлттық ақпарат агенттігінің мәліметінше, 57 адам құтқарылған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Кемелер Конго өзенінде соқтығысқан. Олардың бірі Бусинга қаласынан ел астанасы Киншасаға қарай бет алған, ал екіншісі Киншасадан Луколелуға бағыт алған. Кемелердің бірінде 163 адам болған. Екінші кемеде қанша адам болғаны әзірге белгісіз.
Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ.
Бұған дейін Индонезия жағалауында 240 жолаушысы бар кеме жоғалып кеткен болатын. Кейін кеме табылып, 110-ға жуық жолаушы құтқарылған еді.