Ерекше примат елдің шығысындағы Ломами ұлттық паркінің қалың тропикалық ормандарында ағаш басынан байқалған. Оның ерні қызғылт-сары түсті болса, тұмсығы мен жүні қара.
Бұл жануар алғаш рет 2008 жылы табиғатты қорғау мамандарының назарына ілінген. Алайда сол кезде тек бұлыңғыр бір ғана фотосурет түсіру мүмкін болған.
Арада он жыл өткен соң маймыл қайта байқалып, оны іздеуге халықаралық зерттеушілер тобы кірісті. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде оның ғылымға бұрын белгісіз болған жеке түр екені анықталды.
Ғалымдардың айтуынша, бұл – соңғы 75 жыл ішінде Африкада тіркелген бесінші жаңа маймыл түрі.
Зерттеуге Флорида Атлант университетінің докторанты Джуниор Амбоко жетекшілік етті. Ғылыми жұмыс барысында жануардың дауысы жазылып, фотосуреттері түсірілді және генетикалық талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері PLoS One ғылыми журналында жарияланды.
Осыған дейін америкалық әйелдің жол апатынан кейін қашып кеткен маймылды атып тастағаны туралы жаздық.