«Бүгінгі біздің концертіміз концерт-шоу түрінде өтеді, оның бағдарламасын Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев ұсынды», - деді А.Мұсақожаева.
Концертте көрермендер танымал шығармалармен қатар, жаңа жанрдағы дүниелермен қауышады.
Кеште атақты өнер жұлдызымен бірге Астана қаласының «Солистер академиясы», Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрі, Биг-бенд және осы өнер ордасының скрипкашылар ансамблі, сондай-ақ балғын әртістер - мектеп оқушылары да қатысады.
Еуразиялық симфониялық оркестрге Мәскеу консерваториясының профессоры Максим Фетотов дирижерлік етеді.