«Елорда сотында Мемлекеттік академиялық филармонияның, бұрынғы Конгресс-Холлдың бұрынғы директоры Әбдірахмановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол өзінің бағынышты қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ ұйымдастырған. Олар 1,8 млрд теңгеден астам ақшаны ұрлаған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
13:18, 21 Қыркүйек 2020
Конгресс-Холлдың бұрынғы директоры қылмыстық топ құрған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы директоры 1,8 млрд теңге ұрлаған. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.