Конгресс кітапханасы АҚШ тарихы бойынша мыңдаған кітаптарға он-лайн желісін ашты
деп хабарлады сейсенбі күні АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.
Әлемнің үлкен кітапханаларының кітаптарын жаппай сандық нұсқаға ауыстыру жобасының тарихында бірінші болып АҚШ Конгресінің кітапханасында (LOC) тарихшылар, жазушылар мен шежірешілер жоғары бағалайтын 60 мыңға жуық кітаптың сандық нұсқалары жасалған. Бұл кітаптардың көбісінің тозығы жеткені және ескілігі соншалық, оларды қолға алудың өзі қорқынышты. Құрама Штаттардың ерте тарихы туралы білгісі келетін немесе өз отбасының шежіресін анықтағысы келетін кез-келген азамат, осы кітаптарды тегін оқып, тегін өзіне аударып ала алады, деп хабарлайды Елшіліктің баспасөз қызметі.
Сандық нұсқаға ауыстырылған кітаптарды кітапхана каталогының веб-сайты (http://catalog.loc.gov/ ) арқылы, сондай-ақ тегін сандық онлайн-кітапханалар ашумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын Internet Archive коммерциялық емес ұйымының сайты арқылы (http://www.archive.org/ ) оқуға болады.