Генерал Петреус бұрынғы көңілдесіне құпия ақпаратты берді деген күдік бар. Генералдың адвокаты бұл мәселе туралы әлі ешқандай ақпарат таратқан жоқ.
Дэвид Петреус - АҚШ-қа қызметі сіңген әскери басшылардың бірі. Ол Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ операциялары кезінде Қарулы күштерге басшылық еткен. 2011 жылы Орталық барлау басқармасына төраға етіп тағайындалған. Алайда, келесі жылында өзінің биографы журналист Пола Бродуэллмен көңілдес екені Федералды барлау бюросына мәлім болып қалғандықтан, қызметінен кетуге мәжбүр болған. New York Times басылымының хабарлауынша, Бродуэлдің компьютерінен құпия мәліметтер табылған. Алайда, Петреус оған ешқандай мәлімет бермегенін айтып, өз кінәсін мойындаған жоқ.