Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржыны күміс медальмен толықты. Әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта Кристина Шумекова жеңіп алды.
Әйелдер, А дивизионы. 1000 м:
Анаэль Далеман - 1:14.07
Кристина Шумекова - 1:15.64
Виктория Дабровска - 1:15.85
Бейжіңдегі әлем кубогы кезеңі 15 қарашаға дейін жалғасады. Жалпы Қазақстан командасы сапында 15 спортшы бақ сынап жатыр.
Айта кетейік, бүгін Қазақстаннан төрт боксшысы World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады.