Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем кубогында 3-орын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен әлем кубогының кезеңінде қола медальға қол жеткізді.

Фото: ҰОК

Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті. 

Айта кетейік, бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды. 

Еске салсақ, бұған дейін айдың ортасында «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіру маусымы ресми түрде басталғанын, сондай-ақ Орталық саябақта шаңғы тебуден алғашқы жарыс өткенін жазған едік.