АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Хачинохе қаласында конькимен жүгіру спортынан төрт құрлық чемпионаты басталды. Аталмыш додада Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдені еншіледі.
Құрама спортшылары алғашқы жүлдені әйелдер арасындағы командалық жарыста жеңіп алды.
Отандастарымыз бағдарламаның осы түрінен үшінші орынға қол жеткізді. Бірінші орынды Канада, ал екінші орынды Оңтүстік Корея иеленді.
Еске сала кетейік, бұған дейін фристайл-могулдан қазақстандық спортшылар халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алғанын жазған едік.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.