Токио қаласында өтіп жатқан командалық конкур бәсекесінде Ксения Баталова, Олег Соколенко, Раиса Соколенко және Нұрила Тұрысбекова ел намысын қорғайды.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында осы спорт түрінен араға 20 жыл салып қайта қатысып жатыр.
Сонымен қатар қазақстандық шабандоздар 3-4 қазан күндері жекелей сында да өнер көрсетеді.
Еске сала кетсек, Астанада конкурдан CSI-W FEI Jumping World Cup және Challenge Cup финалы табысты өткен еді.
Сонымен қатар Қазақстандық спортшылар конкурдан FEI Әлем кубогы кезеңдерінде табысты өнер көрсетті.