АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында UFC 246 турнирі аясында өткен 5 раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундтың 40 секундында аяқталды. Макгрегор қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді. Осылайша 31 жастағы ирландиялық өзінің спорттың мансап жолындағы 22 жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетерлігі, Конор Макгрегор 2018 жылдың қазанында ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілгеннен кейін шаршы алаңға алғаш рет шығып отыр.
Ал Дональд Серроне болса, бұған дейін 36 мәрте қарсыласын сүріндірсе, енді 14-ші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.