Макгрегор бокс кездесуін бірінші мәрте өткізбек. Айқас бокс тәртібі бойынша 26 тамызда Лас-Вегас қаласында өтеді.
«Сіздер ешқашан мұндай шұғыл қимылды көрген жоқсыздар», - деп жазды Конор Макгрегор.
28 жастағы ирландиялық осы уақытқа дейін ММА алаңында 24 кездесу өткізіп, 21-де жеңіске жеткен. Ал жасы қырыққа жеткен Флойд Мейвезердің 2015 жылға дейін бүкіл салмақ бойынша ең үздік боксшы ретінде атағы шыққан. Боксшы 49 кездесу өткізіп, бәрін де жеңіске жеткен.
Сарапшылардың көбі Макгрегордың мүмкіндігі аз дегенді айтады. Бірақ, Мейвезердің де сойылын соғып отырғандар баршылық.