АСТАНА. ҚазАқпарат – Ирландиялық ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегорді көлік қағып кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
UFC-дің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы велосипедпен келе жатқан. Өзінің пайымдауынша, күн сәулесі шағылысып, көлік жүргізушісі оны көрмей қалса керек. Макгрегор жол-көлік оқиғасынан жеңіл құтылғанын айтады.
«Көлік артымнан соқты. Күн сәулесі көзіне түсіп, жүргізуші мені көрмей қалды. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Құдайға шүкір, әлде де көрер жарығым бар екен. Күрес пен дзюдаға рахмет. Дұрыс құлай білуімнің арқасында аман қалдым», - деп жазған ол.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.