«Жалпы әлем бойынша коронавирус инфекциясымен ауру жағдайы төмендеп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алты аймағының төртеуінде (Америка, Батыс Тынық мұхиты, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия) сырқаттанушылықтың аздап төмендеуі байқалады. Ал Шығыс Жерорта теңізі аймағы мен Еуропада сырқаттанушылық деңгейінің өсуі байқалады», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Оның айтуынша, осыған байланысты Италия, Болгария, Словакия, Германия, Эстония және бірқатар басқа Еуропа елдерінде карантиндік шаралар күшейтілуде.
Еске сала кетсек, бұған дейін 76 мың қазақстандық коронавирусқа қарсы екпеалғаны туралы жаздық.