Бұл туралы ол бүгін Астанада Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумына байланысты өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Егер осында бокс мектебін құру мүмкіндігі болса, онда мен аса сүйіспеншілікпен оны іске асырар едім. Мен бұл форумда маған бокс мектебін құруда серіктес болатын адамдарды табуға үміттімін», - деді ол.
Айта кетейік, Константин Цзю 63,5 келі салмақтағы кәсіби боксшылар арасындағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы.