Константин Горовенко «Ертіс» клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды

Фото: «Ертіс» клубы

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Оны қазақстандық футбол жанкүйерлеріне «Қайрат», «Қайнар», «Жеңіс», «Алма-Ата», «Сұңқар», «Мегаспорт» сынды клубтары және Қазақстан құрамасының ойыншысы ретінде жақсы таниды.

Бапкерлік мансабында «Сұңқар», «Жетісу», «Шахтер», «Атырау» және «Каспий» клубтарына басшылық жасады.

Сондай-ақ «Қайраттың» жастар командасымен 2017 жылы Қазақстан Бірінші лигасының қола жүлдегері болды. 2021 жылы «Мақтаарал» командасымен Бірінші лиганың күміс жүлдесіне қол жеткізіп, Премьер-лигаға жолдама алды.

Ол биыл «Атырау» командасында бас бапкер болды. Команданың көрсеткішінің төмен болуына байланысты аталған қызметінен кетуге мәжбүр болды.

К.Горовенко Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып қызмет атқарған.