деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1995 жылы ел болып қабылдаған Конституциямыз бүгінгі күнде өзінің өміршеңдігін және болашағының кемел екендігін көрсетіп отыр. «Конституциямыздың ерекшелігі - еліміздің президенттік болып айқындалуы. Бұл қиын-қыстау кезеңдерде жылдам, әрі дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Мемлекетіміздің бүгінгі күнгі жағдайы сол күндері қабылданған шешімдердің дұрыстығының дәлелі болып табылады», дейді С.Түймебаев.
Сонымен қатар, ол қазіргі күні қай салада болмасын Қазақстан алға ілгерілеген және Конституциямыз еліміздің демократиялық мемлекет болып қалыптасуына, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқандығын айтады. «Бүгінгі күнде Елбасы айтқандай, Конституцияның әлеуеті, мүмкіншіліктері әлі мол. 2007 жылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл да саяси реформалардың одан ары қарай жалғасуының айғағы. Бұл еліміздің демократиялық принциптер мен демократиялық құндылықтарға ұмтылуының жоғары екенін көрсетеді», деп атап өтті Серік Түймебаев.