Нұртөре Жүсіп Конституция арқылы еліміз нарықтық даму жолына бет бұрып, өркендеудің нақты қадамдарын белгілеп алғанын тілге тиек етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда Президентіміз көптеген іргелі бастамаларды қолға алып, нақты ұсыныстар жасап жатыр. Солардың барлығы заңдық тұрғыда қамтамасыз етіледі. Парламент депутаттары осы бағытта жұмыс істейтін болады» - деді сенатор.
Нұртөре Жүсіп Ата заңымыздың мерейлі жылымен барша қазақстандықтарды құттықтап, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.