жас қызметкерлер ант қабылдайды, деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.
Атап айтқанда, ертең Астанада Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта комитеттің 60 қызметкері салтанатты жағдайда халыққа және Елбасына адал қызмет ету туралы ант қабылдайды.
Ал Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесінің 40-тан астам қызметкері «Динамо» стадионында ант қабылдайды. Сондай-ақ Алматыдағы тергеу абақтысында Конституция күні құрметіне «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерінің, құқық қорғаушы ұйымдар мен журналистердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтеді.
Павлодар қаласында 28 жас қызметкер Жеңіс алаңында, Мәңгілік алаудың жанында ант береді.